1.1. Сеанстан кейін бірден (ең көп дегенде 2 сағат ішінде) компрессті шешу керек, татуировканы салқын ағынды суда балалар сабынымен саусақ ұштарымен ақырын жуу қажет. Жуғаннан кейін бір реттік қағаз сүлгімен жай ғана құрғатып алу керек. Қалыпты сүлгіні қолдануға болмайды — бұл өте маңызды.
1.2. Татуировканың үстіне және шеттерінен 2 см қорымен жұқа қабат етіп май (бепантен, депантенол, декспантенол) жағу.
1.3. Пеленканы татуировканы толық жауып, шеттерінен 2–3 см қоры болатындай етіп қиып алыңыз. Пеленканы сіңіргіш жағымен татуировкаға қойып, биопластпен немесе малярлық скотчпен бекітіңіз.
Бұл процедураны 3–4 сағат сайын 2–5 күн бойы, сукровица бөлініп тұрғанша (татуировканың ізі пеленкаға түсіп тұрғанша) қайталау қажет. Таза бөлмеде, егер үйде жануарлар болмаса, татуировканы ылғалданған күйде «тыныстатуға» болады.
2. Сукровица бөлінуі тоқтағаннан кейін татуировка кебе бастайды, теріні тартады және мүмкін қабыршақ пайда болады. Қабыршақты ешқашан жұлмау керек! Татуировка құрғағанын сезген сайын кез келген ылғалдандыратын крем жағамыз. Қабыршақ түскеннен кейін татуировка қабыршақтанып, қатты қышуы мүмкін. Бұл шелушканы да жұлмау керек (ол өзі түседі), қасуға да болмайды.
- Егер жазылу барысында қандай да бір қиындықтар туындаса немесе сұрақтарың болса — бізге жаз. Ұялма.